ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗБЕК, ҰЙҒЫР ЖӘНЕ ДҮНГЕН ЭТНОСТАРЫНЫҢ КЕҢІСТІКТІК ҚОНЫСТАНУ МОДЕЛЬДЕРІ: ДИНАМИКАСЫ МЕН ӨЗГЕРУ БАҒЫТТАРЫ
- Авторлар
-
-
Айгуль Садвокасова
Институт философии, политологии и религиоведенияАвтор -
Дінмұхаммед Ғали
Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтыАвтор
-
- Кілт сөздер:
- ықшам қоныстану, аумақтық шоғырлану, кеңістіктік модельдер, өзбектер, ұйғырлар, дүнгендер, урбандалу, агломерация
- Аңдатпа
- Мақалада 2023–2025 жылдары Қазақстандағы өзбек, ұйғыр және дүнген этностарының кеңістіктік қоныстану модельдеріне салыстырмалы талдау жүргізілді. Сонымен қатар жекелеген аумақтардағы 2020–2025 жылдар аралығындағы динамика салыстырылды. Зерттеудің мақсаты – тұрақты аумақтық қоныстану өзектерін анықтау, кеңістіктік өзгерістердің бағыттарын айқындау және үш этностың қоныстану құрылымдарындағы қалалық және ауылдық құрамдастарды салыстыру. Зерттеудің эмпирикалық негізін Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының деректері құрады. Бұл деректер Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының жекелеген елді мекендерге қатысты мониторинг материалдарымен толықтырылды. Талдау жалпыұлттық, өңірлік, аудандық, қалалық және жекелеген елді мекендер деңгейінде жүргізілді. Нәтижесінде этностардың негізгі шоғырлану аумақтары, қоныстану түрлері мен ірі қалалық орталықтары, сондай-ақ қоныстану географиясындағы өзгерістердің бағыттарын көрсететін салыстырмалы схема әзірленді . Әр топтың 90%-дан астамы негізгі шоғырлану аумақтарында орналасқаны анықталды. Алайда бұл аумақтардың ішкі кеңістіктік ұйымдасуы әртүрлі. Өзбек этносының қоныстану моделі жергілікті этникалық көпшілік қалыптасқан аудандар мен Шымкенттегі ірі қалалық орталықты біріктіретін тұрақты оңтүстік қалалық-ауылдық жүйе түрінде қалыптасқан. Ұйғыр этносының қоныстану моделі полицентрлі оңтүстік-шығыстық сипатымен ерекшеленеді. Бұл модельде Алматы мен агломерациялық аумақтардың рөлі күшейіп, Ұйғыр және Панфилов аудандарындағы динамика әртүрлі бағытта дамыған . Дүнген этносының қоныстану моделі Қордай ауданындағы басым ауылдық өзекті, Жамбыл ауданындағы қосымша орталықты және Алматы, Астана мен Қарағанды облысының жекелеген аумақтарындағы жедел өсуді ұштастырады. Зерттелген кезеңде дәстүрлі ареалдар шешуші маңызын сақтағанымен, ірі қалалар мен екінші деңгейлі орталықтардың күшеюі қоныстану құрылымын біртіндеп күрделендіргені көрсетілді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы Қазақстандағы үш этностың қоныстану модельдерін бірыңғай көрсеткіштер жүйесі бойынша көпдеңгейлі салыстырумен айқындалады. Аумақтық шоғырлану мен әлеуметтік-институционалдық анклавтануды ажырату зерттеудің әдіснамалық қағидаты ретінде қолданылды. Ықшам қоныстану көрсеткіштерінің өзі этностардың әлеуметтік байланыстары мен қоғамдық өмірге қатысу деңгейін бағалауға жеткіліксіз деген қорытынды жасалды.
- Жүктеулер
- Жарияланды
- 2026-10-03
- Журналдың саны
- Нөмір 1 № 3(3) (2026): SOCIOLOGY.KZ
- Бөлім
- ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАР, БІРЕГЕЙЛІК ЖӘНЕ ДИАСПОРАЛАР



