Авторлар үшін
Авторларға арналған нұсқаулық
Sociology.KZ» журналы Open Journal System жүйесін қолдана отырып, материалдарды онлайн тапсыру және журналдың ресми веб-сайтында тіркелу (авторизациялау) негізінде журналдың қағаз және электронды нұсқаларын жариялайды.
Редакция алқасы журналдың жарияланым бағыттары бойынша бұрын еш жерде жарияланбаған және түпнұсқа авторлық мақалаларды қабылдайды. Мақала электронды форматта ұсынылады және журналдың веб-сайтына жүктелуі тиіс. (Сілтеме: Тіркелу | journalsociology.kz)
Автор Ілеспе хатты ұсынуға міндетті, онда келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс: А.Ә.Т. (толық), елі, қаласы, жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы, e-mail, ORCID, байланыс телефоны.
Ілеспе хатта ұсынылған мақаланың бұрын еш жерде жарияланбағаны, плагиатты болдырмайтын түпнұсқа жұмыс екендігі міндетті түрде көрсетіледі. Сонымен қатар, егер мақала авторлар ұжымымен жазылған болса, хат-хабар алмасуға жауапты автор (корреспондент-автор) кім екені белгіленуі қажет.
Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар
- Онлайн тіркелу және мақаланы онлайн тапсыру.
- Мақала құрылымы келесі бөлімдерден тұруы тиіс: атауы, көлемі 150-ден 300 сөзге дейінгі аңдатпа (аннотация), түйін сөздер, кіріспе, методология, негізгі бөлім, талқылау, қорытынды, қаржыландыру туралы ақпарат (болған жағдайда), әдебиеттер тізімі.
- Мақаланың жалпы көлемі (аңдатпаны, әдебиеттер тізімін және авторлар туралы мәліметтерді қоса алғанда) 5 000 сөзден кем емес және 7 000 сөзден аспауы тиіс. Мақала 12 кегльмен, Times New Roman қарпімен терілуі керек; мәтін ені бойынша тегістеліп, жоларалық интервал – бірлік (одинарный), азат жол шегінісі – 1 см, жиектері: жоғарғы және төменгі – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1,5 см болуы шарт.
- Графиктер, суреттер, диаграммалар мен кестелер нөмірлері мен атаулары көрсетіле отырып, тікелей мәтін ішінде беріледі (Мысалы: 1-кесте – Кестенің атауы).
- Мақалада міндетті түрде болуы тиіс: МРНТИ, Кілт сөздер, Негізгі бөлім, Әдебиеттер тізімі, Transliteration (Транслитерация), Авторлар туралы мәліметтер.
- Мақаланың мазмұны құрылымдалған болуы керек және мынадан тұруы тиіс: Кіріспе, Әдіснама, Негізгі бөлімнің аталған бөлімшелері, Қорытынды (Қорытындылар/Тұжырымдар).
Мақаланы ресімдеу ережелері
- Бірінші жолда сол жақта МРНТИ көрсетіледі https://grnti.ru (12 кегль)
- Төменде бір интервал арқылы ортада МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ беріледі (14 кегль)
- Төменде бір интервал арқылы ортада қалың әріптермен автор(лар)дың АТЫ-ЖӨНІ жұмыс орны, қала және ел көрсетіле отырып беріледі (12 кегль)
- Төменде бір интервал арқылы мақала тіліне сәйкес Аннотация және Кілт сөздер беріледі (12 кегль)
- Одан кейін бір интервал арқылы: егер мақала орыс тілінде берілсе – қазақ және ағылшын тілдерінде Аннотация және Кілт сөздер; егер мақала қазақ тілінде берілсе – орыс және ағылшын тілдерінде; егер мақала ағылшын тілінде берілсе – қазақ және орыс тілдерінде Аннотация және Кілт сөздер беріледі (12 кегль)
- Төменде бір интервал арқылы Кіріспе келеді.
- Мақаланың негізгі бөлімі құрылымдалған болуы тиіс. Бөлімшелер бір-бірінен бір интервал арқылы бөлінеді. Әр бөлімшенің Атауы болуы керек.
- Негізгі бөлімнен кейін бір интервал арқылы Қорытынды (Тұжырымдар) беріледі
- Содан кейін бір интервал арқылы Әдебиеттер тізімі және Transliteration келеді.
- Әдебиеттер тізімі қатаң түрде ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және құрастыру ережелері» бойынша ресімделуі тиіс (http://docs.cntd.ru/document/1200034383 ), Мемлекетаралық стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі кеңес қабылдаған (№ 12 хаттама, 2003 жылғы 2 шілде).
Мысал:
Әдебиеттер тізімі
- 1. НысанбаевА.Н. Тәуелсіздікфилософиясы: Адам. Қоғам. Мәдениет. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2008. – 456 б.
- ТелеуоваЭ.Т. Дәстүрліқоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификациясы [Электрондық ресурс] // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. – 2018. – № 3(90). – Б. [PDF бойынша беттер]. – Қолжетімділік режимі: https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/download/263/267/551 (қаралған күні: 13.01.2026).
- ХамидовА.А. Дүниетанымжәне философия // Адам әлемі. – 2020. – №3(85). – Б. 19–31.
- Транслитерация: қолданылған (библиографиялық) әдебиеттің латын графикасындағы тізімі; әдебиеттер тізімінде кириллицада жазылған деректер болса, транслитерация жасау қажет.
Транслитерацияны мына сайт арқылы жасауға болады: https://translit.ru/
Мысал:
Transliteration
- Nysanbaev A.N. Täuelsіzdіk filosofijasy: Adam. Qoğam. Mädeniet. – Almaty: Qazaq enciklopedijasy, 2008. – 456 b. (in Kaz)
- Teleuova Je. T. Social'naja struktura i social'naja stratifikacija tradicionnogo obshhestva [Jelektronnyj resurs] // Vestnik KazNU. Serija istoricheskaja. – 2018. – № 3(90). – B. [PDF бойыншабеттер]. – Rezhim dostupa: https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/download/263/267/551 (qaralğan küni: 13.01.2026). (in Russ)
- Hamidov A.A. Mirovozrenie i filosofija [World view and philosophy] // Adam älemi. – 2020. – №3(85). – B. 19–31. (in Russ)
- Төменде бір интервал арқылы
Авторлар туралы мәліметтер беріледі
Журнал талаптарына сәйкес ресімделмеген мақалалар автоматты түрде қабылданбайды.



