РЕДАКЦИЯЛЫҚ САЯСАТ

«Sociology.KZ» журналы — өзекті әлеуметтік үдерістерді зерттеуге, қоғамдық даму динамикасын талдауға, сондай-ақ қазіргі социологияның теориялық-әдіснамалық мәселелеріне арналған мамандандырылған социологиялық және қоғамдық-гуманитарлық басылым.

Журналдың мақсаты — қазақстандық және орта азиялық социологияның дамуына ықпал ету, отандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми идеяларын ілгерілету, социологтар, саясаттанушылар, философтар мен сабақтас пән өкілдері арасындағы ғылыми диалогтың коммуникациялық кеңістігін кеңейту.

Журнал редакциясы академиялық және сарапшылық қоғамдастықты шоғырландыруға, сыни талдау мәдениетін дамытуға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ашық ғылыми диалог саясатын іске асырады. Социологиялық ой-пікірдің жаңа бағыттарын көрсететін және ғылыми жұртшылықтың қызығушылығын тудыратын жас зерттеушілердің жарияланымдарына ерекше көңіл бөлінеді.

Журналдың редакциялық саясаты қазақстандық социологияның академиялық мәртебесін және халықаралық дәйексөз алу көрсеткішін арттыруға, оның ғылыми әлеуетін ашуға және әлемдік гуманитарлық кеңістікке интеграциялануына бағытталған.

Журнал социология, саяси ғылымдар, дінтану, цифрлық қоғам, әлеуметтік философия және пәнаралық зерттеулер саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға ашық.

Ашықтық саясаты

«Sociology.KZ» журналы жарияланатын материалдардың ашық қолжетімділік саясатын ұстанады. Барлық мақалалар журналдың ресми веб-сайтында — www.journalsociology.kz  — толық мәтінді форматта жүктеледі.

Журнал сайтында жариялау шарттары, рецензиялау процедурасы, мақалаларды рәсімдеу ережелері, редакциялық кеңестің құрамы, редакцияның байланыс мәліметтері туралы толық ақпарат, сондай-ақ журналдың ағымдағы және мұрағаттық сандары көрсетілген.

Тексеру саясаты

Журналға ұсынылатын барлық қолжазбалар iThenticate жүйесі арқылы түпнұсқалыққа міндетті түрде тексеріледі.

Материалдар түпнұсқа болуы тиіс және тиісті сілтемесіз өзге дереккөздерден алынған үзінділер болмауы керек. Мәтін түпнұсқалығының төменгі шегі — кемінде 85%.

Редакция ғылыми адалдық пен жарияланым этикасының талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы.