ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАНДАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САРАЛАНУЫ: ФАКТОРЛАР ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОФИЛЬДЕРДІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТИПОЛОГИЯСЫ

Авторлар
  • Жанар Ермекбаева

    Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
    Автор
Кілт сөздер:
қандастар, репатрианттар, әлеуметтік саралану, интеграция, адами капитал, әлеуметтік капитал, өңірлік айырмашылықтар, аналитикалық типология
Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы қандастардың ішкі әлеуметтік әркелкілігі зерттеліп, интеграциялық профильдердің жұмысшы аналитикалық типологиясы ұсынылады. Эмпирикалық негіз ретінде Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының 2021 жылғы кешенді зерттеуінің жинақталған нәтижелері пайдаланылды. Зерттеу 17 өңірдегі 4000 репатриантқа жүргізілген жаппай сауалнаманы, тереңдетілген сұхбаттарды және медиа-мониторингті қамтыған. Осы мақалада сандық үлестірімдер интеграцияның экономикалық, тұрғын үй, әлеуметтік, институционалдық және субъективті өлшемдерін қайталама талдау үшін қолданылады. Нәтижелер жергілікті қауымдастыққа жоғары тиесілілік сезімі мен бейімделуді оң бағалау табыс деңгейінің осалдығымен, тұрғын үй жағдайындағы өңірлік айырмашылықтармен және жұмысқа орналасу кедергілерімен қатар жүретінін көрсетеді. Тұратын өңірді таңдау көбіне туыстық және жерлестік желілерге сүйенеді, ал еңбек нарығының мүмкіндіктері екінші орында қалады. Бұл әлеуметтік капиталдың екіжақты рөлін айқындайды: ол бастапқы бейімделу шығындарын азайтады, бірақ тұрақты экономикалық кірігуді автоматты түрде қамтамасыз етпейді. Ресурстық жағдай, субъективті бейімделу және институционалдық кедергілердің үйлесімі негізінде төрт идеалдық тип ұсынылады: ресурстық тұрғыдан тұрақты, ресурстары шектеулі болғанымен бейімделген, экономикалық тұрғыдан кіріккен, бірақ институционалдық кедергілері бар, осал профиль. Ұсынылған типология микродеректерді статистикалық кластерлеудің нәтижесі емес, кейін эмпирикалық тексеруге арналған аналитикалық модель болып табылады. Зерттеудің ғылыми үлесі қандастардың орташа жағдайын сипаттаудан топішілік саралануды түсіндіруге көшуімен, ал практикалық маңызы қолдау шараларын интеграциялық профиль мен өңірлік контекстке қарай нақтылауды негіздеуімен айқындалады.

 

Cover Image
Жүктеулер
Жарияланды
2026-10-03
Бөлім
ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАР, БІРЕГЕЙЛІК ЖӘНЕ ДИАСПОРАЛАР