Діндарлардың цифрлық технологияларды қабылдауы: әлеуметтік әділеттілік контекстіндегі практикалар мен өлшемдердің амбиваленттілігі

Авторлар
  • Шолпан Джаманбалаева

    Автор
  • Елена Бурова

    Автор
Кілт сөздер:
виртуалды діни тәжірибелер, сенім, әлеуметтік әділеттілік, цифрлық діндарлық, цифрлық технологиялар, тәуекелдер
Аңдатпа

Қазақстандағы цифрлық технологиялар әртүрлі салалар мен қызмет түрлерінде ажырамас құралға айналып келеді. Цифрлық қоғамның технологиялық мүмкіндіктері діни өмірді виртуаландыру арқылы діни тәжірибелердің мүмкіндіктерін кеңейтуде. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) цифрлық діндарлықтың қалыптасуы мен қызмет етуіне жағдай жасауға ықпал етті. Бұл құбылыс дәстүрлі және жаңа діндерде заңдастырылып, институционалданды. Цифрлық діндарлықтың ауқымы АКТ-ны қарым-қатынас пен жан-жақты ақпарат алу құралы ретінде пайдаланудан бастап цифрлық діни тұлғаның өзін-өзі айқындауына дейін кең көлемде байқалады. Қазақстан қоғамының цифрлануы діни менталитеттің палитрасын өзгерте отырып дүниетанымға тиімді әсер етеді және көпқырлы бірегейлікке ықпал етеді. Мақалада қазақстандық дінге сенушілердің цифрлық технологияларды түсінуі мен қабылдауының кейбір нәтижелері ұсынылған. Зерттеулер қазақстандық дінге сенушілер мен сенбейтіндердің ақпараттық мәдениетіндегі  ерекшеліктерін анықтады, цифрлық діни ортаның жедел дамуы мен қызмет етуін амбивалентті қабылдау мен бағалауды ашып көрсетті. Зерттеудің негіздемесі мен қорытындылары қазақстандық өлшемдердің фактологиялық деректеріне сүйеніп жасалды.

Cover Image
Жүктеулер
Жарияланды
2026-03-31
Бөлім
Статья