Екінші демографиялық ауысу  теориясы:негізгі тәсілдер мен интерпретациялар

Авторлар
  • Зульфия Валитова

    Автор
  • Айгуль Есимова

    Автор
Кілт сөздер:
екінші демографиялық ауысу, туу, неке, ажырасу, азаматтық неке, постматериалистік құндылықтар, демографиялық мінез-құлық
Аңдатпа

Мақалада 1980-жылдары Д. Ван де Каa мен Р. Лестхеге әзірлеген екінші демографиялық ауысу теориясы талданады. Теорияның негізінде ХХ ғасырдың екінші жартысында Батыс және Солтүстік Еуропа қоғамдарында жаңа әлеуметтік-демографиялық үрдістердің (туу деңгейінің тұрақты төмендеуі, некеге тұру мен бала тууды кейінге қалдыру, азаматтық некелер мен ажырасулардың көбеюі, некесіз туған балалар үлесінің артуы) мәдени және құндылықтық өзгерістермен байланысты болғаны туралы идея жатыр. Дегенмен ғылыми әдебиетте бұл концепцияның телеологиялық сипаты мен әмбебаптығы жөніндегі мәселелер әлі де талқылануда. Сонымен қатар қазіргі зерттеушілер екінші демографиялық ауысу жаңа көріністерін атап өтеді. Олардың қатарына LAT (Living Apart Together – «бірге, бірақ бөлек өмір сүру») тәжірибесінің кеңеюі, гендерлік айырмашылықтардың тереңдеуі және демографиялық траекториялардың өңірлік вариациялары жатады. Мәселе мынада: екінші демографиялық ауысу теориясының негізін қалаушылар негізінен идеялық өзгерістерге басымдық берген, ал осы модельдің қарсыластары институционалдық, экономикалық, гендерлік және басқа да факторлардың ықпалын атап өтеді.

Мақаланың бірінші бөлімінде бастапқы концепцияның негізгі идеялары қарастырылады.

Екінші бөлімінде қазіргі социодемографиялық әдебиеттегі екінші демографиялық ауысу теориясының интерпретациялары мен сыни бағалауларына талдау жасалады.

Авторлық ұстаным бойынша екінші демографиялық ауысу теориясы демографиялық өзгерістерді сипаттау мен түсіндіру үшін маңызды теориялық шеңбер болып табылады және оның эвристикалық әлеуеті әртүрлі перспективаларды қамту және демографиялық дамудың ықтимал траекторияларының көптігін мойындау арқылы күшейтілуі мүмкін.

 

Cover Image
Жүктеулер
Жарияланды
2026-03-31
Бөлім
Статья