МЕДИАКЕҢІСТІК АРТИКУЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ЛЕГИТИМАЦИЯ КЕҢІСТІГІ РЕТІНДЕ: BATYRJAMAL ЖӘНЕ SCHITAETSYA.KZ ЦИФРЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРІН ТАЛДАУ
- Авторлар
-
-
Газиза Улыкманова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіАвтор
-
- Кілт сөздер:
- цифрлық активизм, әйелдер активизмі, медиакеңістік, гендерлік күн тәртібі, әлеуметтік қозғалыстар, азаматтық субъектілік, Қазақстан
- Аңдатпа
-
Қоғамдық коммуникацияның цифрлануы жағдайында әлеуметтік желілер мен онлайн-платформалар азаматтық қатысудың және қоғамдық күн тәртібін қалыптастырудың маңызды кеңістігіне айналуда. Бұл үдерісте цифрлық әйелдер активизмі ерекше рөл атқарады, өйткені ол бұрын маргиналданған тақырыптарды, соның ішінде гендерлік зорлық-зомбылық, әлеуметтік теңсіздік және әйелдердің субъектілігі мәселелерін жария түрде талқылауға мүмкіндік береді. Қазақстан контексінде медиакеңістік тек ақпарат тарату арнасы ғана емес, сонымен қатар ұжымдық тәжірибені қалыптастырудың, ынтымақтастықты дамытудың және әлеуметтік мәселелердің институционалдық танылуына ықпал ететін орта ретінде көрінеді.
Мақаланың мақсаты – Қазақстандағы цифрлық медиаплатформалардың әйелдер активизмін артикуляциялау және легитимациялау кеңістігіне қалай айналатынын талдау. Зерттеудің эмпирикалық базасын BatyrJamal және schitaetsya.kz атты қазақстандық Instagram жобаларының жарияланымдары мен пайдаланушылар пікірлері құрайды. Бұл жобалар цифрлық активизмнің әртүрлі стратегияларын көрсетеді. Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде медиажарияланымдар мен пікірлерге жүргізілген сапалық контент-талдау қолданылды.
Зерттеу нәтижелері медиакеңістіктің екі негізгі функцияны атқаратынын көрсетеді. Бір жағынан, ол осалдық, қолдау және күнделікті автономия туралы жеке тәжірибелерді жария ету арқылы әлеуметтік тәжірибені артикуляциялауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, статистикалық деректер, құқықтық түсіндірулер және сараптамалық пікірлер арқылы әлеуметтік мәселелердің институционалдық легитимациясына ықпал етеді.
Салыстырмалы талдау цифрлық әйелдер активизмінің екі өзара толықтырушы стратегиясын — экспрессивті және институционалдық-аналитикалық модельдерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл модельдердің өзара әрекеттесуі медиакеңістікті субъектіліктің инфрақұрылымы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, яғни жеке тәжірибені қоғамдық күн тәртібінің тұрақты элементтеріне және гендерлік мәселелердің институционалдық танылуына айналдыратын орта ретінде.
- Жүктеулер
- Жарияланды
- 2026-07-30
- Журналдың саны
- Нөмір 1 № 2(2) (2026): SOCIOLOGY.KZ
- Бөлім
- ЦИФРЛЫҚ ҚОҒАМ СОЦИОЛОГИЯСЫ



