ОТБАСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТАРЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК НОРМАЛАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ КЕҢІСТІГІРЕТІНДЕ
- Авторлар
-
-
Эльмира Отар
Директор Центра исследований семейной и гендерной политики НАО «Казахстанский институт общественного развития»Автор -
Алем Несипбаева
Евразийский национальный университет имени Л.Н. ГумилеваАвтор -
ayaulym mantayeva
I.n.Gumilyov Eurasian National UniversityАвтор
-
- Кілт сөздер:
- отбасы; гендерлік нормалар; этникалық қауымдастықтар; отбасылық әлеуметтендіру; әйелдер; селективті отбасылық модернизация; сапалық зерттеу
- Аңдатпа
-
Мақала Оңтүстік Қазақстанның этникалық қауымдастықтарындағы отбасының гендерлік нормаларды қайта өндіру және трансформациялау кеңістігі ретіндегі рөлін зерттеуге арналған. Зерттеудің мақсаты – дәстүрлі отбасылық тәжірибелердің этномәдени сабақтастықты сақтай отырып, қазіргі әлеуметтік жағдайларға бейімделу тетіктерін анықтау. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы полиэтносты қоғам жағдайында әйелдердің гендерлік қатынастарды өзгерту үдерісіндегі рөлін тереңірек түсіндіруге бағытталса, практикалық маңыздылығы оның нәтижелерін отбасы, гендерлік теңдік және білім беру саясатын жетілдіруде қолдану мүмкіндігімен айқындалады.
Зерттеудің эмпирикалық негізін Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тұратын өзбек, тәжік, түрік, күрд және корей этникалық қауымдастықтары әйелдерімен жүргізілген 139 тереңдетілген сұхбат пен қатысушы бақылау материалдары құрайды. Деректерге қайта талдау MAXQDA бағдарламасында тақырыптық кодтау әдісі арқылы жүргізілді.
Зерттеу нәтижесінде гендерлік қатынастардың өзгеруінің өзара байланысты төрт тетігі анықталды: балаларды гендерлік сараланған әлеуметтендіру, үй шаруашылығындағы еңбек пен отбасылық беделдің асимметриялы бөлінуі, білімнің әйелдердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін ресурс ретінде қайта пайымдалуы және отбасылық шешім қабылдаудың келіссөздік сипатының күшеюі. Зерттеу әйелдердің тек мәдени дәстүрлерді сақтаушы ғана емес, оларды қазіргі жағдайларға біртіндеп бейімдеудің белсенді субъектілері екенін көрсетті. Автор этномәдени сабақтастықтың сақталуын әйелдер мен жастардың мүмкіндіктерінің біртіндеп кеңеюімен ұштастыратын селективті отбасылық модернизация моделін ұсынады.
- Автор өмірбаяндары
- Жүктеулер
- Жарияланды
- 2026-10-03
- Журналдың саны
- Нөмір 1 № 3(3) (2026): SOCIOLOGY.KZ
- Бөлім
- ДЕМОГРАФИЯ, ГЕНДЕР ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ИНКЛЮЗИЯ



