ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУЫНДАҒЫДІНДАРЛЫҚ, ДІНСІЗДІК ЖӘНЕ РУХАНИЛЫҚ
- Авторлар
-
-
Гульмира Абдирайымова
Автор -
Аружан Саймасаева
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіАвтор
-
- Кілт сөздер:
- жастар, діндарлық, руханилық, өзін-өзі сәйкестендіру, сенім, баламалы рухани практикалар
- Аңдатпа
-
Зерттеуде жаһандану үдерістерінің ықпалымен қазақстандық жастар арасында қалыптасып жатқан діни және рухани өзін-өзі сәйкестендірудің жаңа формалары талданады. Эмпирикалық негіз ретінде 2023 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың наурызына дейін жүргізілген екі толқынды социологиялық сауалнама деректері алынған. Бұл сауалнамаға 18 бен 35 жас аралығындағы 2000 респондент қатысты. Деректерді жинау Professional 3KA бағдарламасы (E-B-9979 лицензиясы) арқылы жүзеге асырылды, ал олардың кейінгі өңдеуі IBM SPSS Statistics Version 30.0.0.0 (172) пакеті көмегімен жүргізілді.
Авторлар қазақстандық жастардың рухани өзін-өзі білдіру ерекшеліктеріне, оның дәстүрлі діни тәжірибелер мен дүниетанымдық ұстанымдардың трансформациясындағы рөліне, сондай-ақ заманауи әлеуметтік сын-қатерлерге бейімделу механизмдеріне назар аударады. Соңғы жылдары әлеуметтік-гуманитарлық білімде жастардың бір бөлігінің институционалданған діни үлгілерден бас тартып, баламалы рухани ізденістерге бет бұру құбылысына қызығушылық артып келеді. Бұл үрдіс зерттеудің ғылыми да, қолданбалы да маңыздылығын айқындайды.
Алынған нәтижелер қазақстандық жастардың діндарлықты, діндар еместікті және рухани практикаларды қабылдау тәсілдерінің көпқырлылығы мен алуан түрлілігін көрсетеді.
Мақала ҚР ҒжЖБМ Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландыруы шеңберінде дайындалды (AP19679699 «Қазақстандық жастардың діндарлығы/руханилығы, әл-ауқаты және бірегейлігі: салыстармалы елішілік зерттеу»).
- Автор өмірбаяны
- Жүктеулер
- Жарияланды
- 2026-03-31
- Журналдың саны
- Нөмір 1 № 1(1) (2026): SOCIOLOGY.KZ
- Бөлім
- Статья



