ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСТЕРІ ЖӘНЕ ЛОКАЛДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ФОКУСЫ

Авторлар
  • Мира Маульшариф

    Автор
Кілт сөздер:
жаһандану, глокализация, жастар, бірегейлік, агенттік, мәдени трансформация
Аңдатпа

Бұл мақалада жастар бірегейлігінің гибридті сипаты жаһандану мен локализация үдерістерінің өзара тоғысуының нәтижесі ретінде қарастырылады. Аппадурайдың «ландшафттар» моделі мен Робертсонның глокализация тұжырымдамасы жастардың әлеуметтік-мәдени тәжірибелерінің көпдеңгейлі табиғатын түсіндіруге теориялық негіз береді. Гидденс пен Кастельс идеялары жастардың рефлексивті агенттігі мен цифрлық кеңістіктегі өзіндік бейнелеуін ашып көрсетеді. Глокалдық мәдени стратегиялар арқылы жастар жаһандық идеяларды жергілікті мәдени контекстке бейімдеп, дәстүр мен заманауилық арасындағы тепе-теңдікті сақтайды. Қазақстан контексінде бұл үдеріс ұлттық және жаһандық сәйкестіліктердің динамикалық өзара ықпалы арқылы көрініс табады, ал әлеуметтанулық тұрғыдан мұндай глокалдық диалог қоғамның мәдени жаңғыруы мен тұрақтылығы үшін маңызды фактор ретінде бағаланады.

Cover Image
Жүктеулер
Жарияланды
2026-03-31
Бөлім
Статья