САПАЛЫ ТАЛДАУДАҒЫ МАҒЫНАНЫ ҚҰРАСТЫРУ: MAXQDA-ның КОДТАУ ЖӘНЕ ТАЛДАМАЛЫҚ ОПТИКАСЫ

Авторлар
  • Ж.Накипбаева

    Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан
    Автор
Кілт сөздер:
Түйін сөздер:  сапалы деректерді талдау, кодтау, MAXQDA, негізделген теория, деректерді интерпретациялау, әдіснамалық ашықтық
Аңдатпа

Мақала MAXQDA бағдарламасын пайдалана отырып, сапалы деректерді өңдеу мен талдаудың әдіснамалық және практикалық аспектілеріне арналған. Зерттеудің өзектілігі қазіргі әлеуметтануда, соның ішінде қазақстандық әлеуметтануда сапалы әдіснаманы қолданудың тұрақты өсуі мен жиналған деректерді өңдеу, кодтау және интерпретациялау рәсімдерінің жеткілікті ашықтығының сақталмауы арасындағы қайшылығында. Мақаланың мақсаты – сапалы талдауға арналған теориялық тәсілдердің, MAXQDA бағдарламасының мүмкіндіктерінің және практикалық зерттеу тәжірибесінің тоғысында қалыптасқан талдамалық әрекеттер тізбегін көрсету. MAXQDA-ның демонстрациялық жобасы негізінде ақпарат берушілердің жеке пікірінен субкодқа, одан әрі жалпылама санатқа өту жолы қарастырылды, сондай-ақ бағдарламаның талдамалық мүмкіндіктері ашылды. Кодтаудан интерпретацияға өту мәселесіне ерекше назар аударылды.  

 

Cover Image
Жүктеулер
Жарияланды
2026-10-03
Бөлім
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ӘДІСТЕРІ